теумен айналысты. 1936 жылы "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музы касының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов -- қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар "Тәжік биі", "Қазақ билері", "Төлеген Тоқтаров", "Ария", "Вокалдық сюитасы", "Абай сюитасы", тағы басқалар. А. Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944) және "Төлеген Тоқтаров" (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970) операсы.
А. Қ. Жұбановтың мұрындық болуымен қыр
Страницы: << < 206 | 207 | 208 | 209 | 210 > >>