ен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі - бейбіт тіршілік. Бірақ, ол кезде жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" - деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау "Ойыл көздің жасы еді. . . Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің. . . Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге", - деп нали тіл қатады.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір, -
деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:
Аңдып жүрген көп дұшпан, Өз басына келеді.
Елге жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер.
Құладан қуды өлтірсе, Осыны Асан біледі, -
деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
Ақылгөй жырау "ата жұрты - бұқара" күшін жоғары бағалайды. "Еділ бол да, Жайық бол, ешк
Страницы: << < 136 | 137 | 138 | 139 | 140 > >>