Көше ережесін білесің бе

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: "Көше ережесін білесің бе?"
Мақсаты: Көше ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білуге үйрету. Балаларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(бағдаршам)
Балалар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
"Адамдарға жол ашық!"
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап. Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл - қызыл түсті, "жүріңіз, тұрыңыз" дегенді білдіретін адам кейпінде көрнекі белгілермен реттеледі.
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
Жауап. Жиек жолмен жүреміз.
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
Жауап: Жер асты жолымен.
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Жауап: Аялдамадан отырамыз.
Ойын: "Бағдаршам"
Ойынның шарты: Барлық бала билеп жүреді. қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: