жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.
Ән: Біз жолаушы баламыз.
1. Сапар шексек, сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
2. Көліктерге мінеміз
Күнде тынбай жүреміз
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Қорытынды.
Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
3. Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Страницы: << < 1 | 2