уші: "Қыз еркем, кестесімен көркем" айдары бойынша қыздарымыз ептілігін, жылдамдылығын шеберлігін көрсетеді.
Жүргізуші: Атам қазақ қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметпен қараған. Өн бойына тәлім-тәрбиенің негізін қалап, үй шаруасын ептеуге баулыған. Бүгін біз сол өнегенің жалғасын тауып,үрдіске айналғанын қалаймыз. Келесі сайысымыз "Асты келін - аналы келін" Сайыстың шарты бойынша қыздарымыз картопты үзбей, жұқа аршып, жемістерді әдемілеп турау.
Қыздардың өнерін тамашалап болған соң, қазылар алқасы бағасын береді.
Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы! Қыздарымызды бағалауыларыңызды сұраймыз.
Жүргізуші:
Тату - тәтті қазақ отбасында өскен қыз балалар бабаларымыздан дарыған асыл қасиеттердің арқасында ақылды да, көрікті болып өседі. Балалық шақта алған жақсы тәлім-тәрбие өмірлік азық болары хақ. Қыз баланың тәрбиесінде ананың ерекше орын алатындығына ешкімнің таласы жоқ. Қазақ "Шешеге қарап қыз өсер" деп бекер айтпаса керек. Қазір біз қыздарымыз анасына қалай көмек беретінін, анасымен әдемі қарым-қатынасын үйден дайындап келген видеодан тамашалайтын боламыз. Келесі айдарымыз "Анаға қарап қыз өсер" Қыздарды ортаға шығырамыз.
Құрметті қазылар алқасы! Сіздерге қай видео көбірек ұнады, несімен бағалап жіберсеңіздер. Видеоролик.
Жүргізуші: Стиль - мәнер,сипат, ерекшелік. Стиль - сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін анық , ерекшеленген дәуір тілі. Киім киюмен қатар әдемі орамал тағу өзінше бір стиль. Жалпы, орамал - сұлулықтың символы, тазалықтың белгісі. Қазіргі кезде орамал тағудың түрлі үлгілері бар. Ортаға қыздарымызды шақырамыз, "Әсемдік жарасар қыз балаға " айдары. сіздерге тапсырма мойынға немесе басқа өздеріңіз біле
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>