Тақырыбы: "Көрікті көктем аруы"
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті, ұстаздар,қонақтар, аяулы қарындастар!
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар
Бүгінгі күні сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, "Көрікті көктем аруы" атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз! Байқау 7 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. "Қыз еркем, кестесімен көркем"
3. "Асты келін - аналы келін"
4. "Анаға қарап қыз өсер" Үй тапсырмасы.
5 "Әсемдік жарасар қыз балаға" Сән үлгісі.
6. Жаңылтпаш айту.
7. Білгенге маржан
Жүргізуші: 1-інші кезең. Таныстыру
Әр таңды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға келіп тұрған
Аруларды ортамызға шақырамыз!
2 - жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.
1 - жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Бөлім "Сәлемдесу" байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
2. "Өз өнері" бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетуде аналарына арнап ән айту, арнап, би билеу аналарымызға арнап өлең оқу, әлде анарына арнап сыйлық жас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>