тарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т. б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Журналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т. б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т. б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады.
Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т. б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Страницы: << < 141 | 142 | 143 | 144 | 145 > >>