Көп таңбалы сандар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Математика 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру

Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
І топ - Талғат Бигелдинов
ІІ топ - Сағадат Нұрмағамбетов
ІІІ топ - Рақымжан Қошқарбаев
ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?
Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс жауабы, жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп алу: "Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы" - ендеше біздің бүгінгі сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады.
ІІІ. Мұғалім: - Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн - адамдар, өндiрiстiк қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды.

І тапсырма: Көп таңбалы сандарды оқы, жаз, разрядтық қосылғыштарға жікте.
Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда, соғыс жылда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: