"Жапырақтарды қой", "Сиқырлы таяқшалар", "Түймелі алаң", "Баулар", "Баланы ора" және т. б.
Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).
Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.
Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.
Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: "Допты қуып жет", "Өзен арқылы", "Ұшақтар", "Мені қуып жет", "Қақпаға", "Ақ қоян отыр", "Қайда дауыстайды", "Пойыз" және т. б.
Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: "Үйде кім тұрады", "Динь-дон", "Қай аспапта ойнағанымды тап" және т. б.
Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.
Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>