й, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;
2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.
Кіші топтардың бағдарламаларын талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.
Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т. б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді.
Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.
Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.
Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>