кестендіріп, оларды ерекшелеңдер.
Түйіндер құралын таңдап, масштабты үлкейтіңдер. Тоғысқан жерде бұрынғыдай екі түйін тұр, яғни, жүрек әлі бір бүтін емес.
Төменгі екі түйінді ерекшелеңдер (Shift басып тұрып)және Түйіндер құралдар параметрлерінің панеліндегі ерекшеленген түйіндерді қосу бұйрығын орындаңдар.
Жоғарғы түйіндер үшін амалдарды қайталаңдар.
Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) сұхбатын ашыңдар және алынған жүректің контурын градиентпен қойыңдар.
Жүрекке блик қосыңдар. (62-сурет)
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы 63-суреттегідей.
Контурды көшіріп алыңдар (CtrlD)
Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: КонтурКонтурлық әсерлер редакторы
Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады(64-сурет)
Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар. (65-сурет)
Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар (66-сурет)
Контурларды топтап, жиектеудің түсін өзгертіңдер.
В деңгейі
Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.
С деңгейі
Киіз үйді салып , оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.
Сабақты бекіту (Қорытындылау)
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікір айту.
Рефлексия (Кері байланыс орнату)
Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алма стикеріне жазып жабыстырады.
Үйге тапсырма
Контурды жасау және р
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>