яқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға да болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегіТүйіндердегі батырмамен жоюға болады.
Түйіндер саны автоматты түрде КонтурЖеңілдету (Упросить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.
Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімнен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады. (60-сурет)
60-сурет. Қарындаштың қолжетімді пішіндер тізімі
Қаламұш
Құралдар қисықтарымен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.
Төрт режім қолжетімді:
Безье қисығы;
Спиро қисығы;
Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);
Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда);
Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.
Каллиграфиялық қаламұш
Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған парллель екі контурды құрайды (61-сурет)
Түйіндерді редакциялау
Өздеріңнің көздерің жеткендей , Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардын басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. Жүрекше салып көрелік.
Қаламұш құралын пайдалана отырып, жүректің жартысын саламыз.
Оны түйіндер құралымен ерекшелеңдер және Құралдар параметрлерінің панелінде батырмасын шертіңдер. Ерекшеленген түйіндерді тегістеңдер.
Контурдың көшірмесін жасаңдар. (CtrlD)
(Н) көлденең бейнелеңдер.
Алынған екі контурды сәй
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>