Компьютерлік графика түрлері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

емді
D. Фракталдық
7. Фрактал - ол:
A. Бас элементі сызық болатын кескін.
B. Берілген көлемдегі кескін бөлігі
C. Әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін
D. Бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін.

2-тур . Сен маған, мен саған
Оқушылар "Компьютерлік графика" тақырыбына байланысты бір-біріне сұрақтарын қояды.

3-тур. Тапқырлар сайысы
Оқушыларға жұмбақ жасырылады.
1. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі

(пернетақта)
2. Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(меңзер)
3. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек

(монитор)

4. Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның?

(тышқан)
5. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды

(бос орын)
6. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер

(бит)
Ал енді көздеріне арналған сергіту сәтін өткізейік!

4- тур. Кім жүйрік. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынып тұрады. Оқушы ұпайды таңдап, сұрақ тыңдайды. Дұрыс жауап берілсе ұпайды алады.

1. Дүниежүзілік компьютер
Арасындағы байланыс
Ортасы не деп аталады?
(Интернет)
2. Белгілі бір атпен
жазылған мәліметтер
жиыны
(Файл)
3. Компьютерлік графика түрлері?
(Екіөлшемді және үшөлшемді графика)
4. Жасалу принципіне қарай
кескін неше түрге
бөлінеді?
(3)
5. Ақпараттық процестерді
жүзеге асыратын құрылғы
(компьютер)

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: