Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы. Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

е "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырмасын басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.
Браузермен жұмысты аяқтау үшін "файл" менюінің "жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Х" батырмасын пайдаланса да болады.
Интернет ішінен керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік. World Wide Web, яғни "дүниежүзілік өрмек" ақпарат іздеп бүкіл дүниежүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі ақпарат алуға болатынын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы. Гипермәтін деген не. Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы тез өтуді қамтамасыз етеді.

4 Қосымша Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау Студенттердің білімін ауызша сұрау және тапсырмалар беру арқылы пысықтау.

а/ Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:
1-cұрақ. Жергілікті желі дегеніміз не?
Жауабы: Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы.

2-cұрақ. Жергілікті желі қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлер

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: