жүзеге асырады.
Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды. Желі топологияларының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
мәліметтерді;
хабарларды;
принтерлерді;
факстік аппараттарды;
модемдерді;
басқа да құрылғыларды.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен, сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен Іnternet тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enter пернесін басу қажет немес
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>