Пәні: Информатика Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды ДК-мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ - мен, ТЖҚ-мен таныстыру. Жан-жақты болуға, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Күтілетін нәтиже
"Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.
Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі.
Сілтеме, негізгі дерек көздері
Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, бағалау парағы, Интернеттен алынған ақпараттар
Сабақтың барысы
Оқыту түрі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыт
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу
Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында "Әсем - әдемі" тренингін өткізу.
"Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түседі ме екен?"
Валюта (теңге, доллар, евро) арқылы топқа бөледі
Мұғаліммен амандасады, Шеңберде дөңгелене тұрған әрбір оқушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет.
Оқушылар таңдаған валюта арқылы 2 топқа бөлінеді. Топқа ат қойып, ұран құрастырады.
5 мин
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>