САБАҚ ЖОСПАРЫ "Бекітілді"
Оқу ісінің меңгерушісі
Класы: 5 "Г"
Пән аты: Информатика
Сабақ тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.
Сабақ мақсаты: оқушыларды "компьютер" түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінін қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.
Білімділік: Оқушыларды компьютер ұғымымен,оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.
Байт Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
1 байтта неше бит бар?
" Кездесу қыркүйек айына тағайындалады" деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?
Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы - компьютер. Компьютер - күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Алғашқы компьютерлер "компьютер" және "ЭЕМ" атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есесптеу үдерістерін аса жылдамдататын адамдарға көмекке келді.
Қазіргі кезде компьютерлердің түрлері өте сан алуан.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалад
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>