Комплекс сандар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

quot;Annales de Gergonne" журналына ең алғашқы еңбегін жариялайды. Галуа еңбектері абстракты түрде болғандықтан замандастары түсінбей мойындамайды. Эварист Галуаның өмірде жолы бола бермеді. 1828-1829 жылдары Галуа Политехникалық мектепке түсу үшін екі рет емтихан тапсырып, түсе алмады. Себебі оның шығарған есептерін мұғалімдері мойындамаған. Бірақ соңында мақсатына жетіп оқуға қабылданады. Галуа мемлекет ісіне қарсы шығуын тоқтатпай, нәтижесінде екі рет абақтыға жабылады. 1832 жылы 30 мамырда таңертең Галу дуэльден қатты жарақат алып ауруханаға түседі. Дуэль себебін махабатпен байланыстырады. Оның қарсыласы кім екені белгісіз. 31 мамыр таңғы сағат ондар шамасында Эварист Галуа өмірден көз жұмады. Галуамен қоштасу кеші 1832 жылы 2 маусымда өтті. Дуэль болатын түні Галуа Академия үшін өзінің естеліктерінің жаңа нұсқасын жасап онда зерттеу нәтижелерін баяндап досы Огюст Шевальеге тапсырған.
Өз заманының кейінгі ұрпақа үлгі болар тағы бір ғұлама ойшылы Леонард Эйлер (1707-1783 ж. ж. ) болды. Эйлер швецарлық, германдық, ресейлік математик, механик және физик. Эйлер 850- ден астам еңбектің авторы. Петербург ғылым академиасының мүшесі. Швецария елінің Базель қаласында дүниеге келген. Базель университетінің философия факультетінде оқыды. Бір мезгілде Иоганна Бернуллидің дәрістеріне қатысып алдағы уақыттағы өзінің тағдыр жолын айқындады. Эйлердің шығармашылық қызметті Петербург академиясымен тығыз байланысты. Петербурда жүргенде ( 1727-1741, 1766-1783 жж. ) өзінің жұмысында әр түрлі ғылыми бағыта белсенді қызмет атқарды. 1741-1766 жылдары Эйлер Берлин академиясында қызмет атқарды. Француз математигі П. С. Лаплас халықа мынадай ұран тастайды. "Оқыңдар, оқыңдар Эйлерді-ол бәріміздің мұғаліміміз" деп. Эйлер мына комплекс санның символын енгізген. Бұл сан түрі

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: