r/>Роботтар мен виртуалды аватарлар қиял ғажайып әлемінен шынайы өмірімізге еніп, жұмыс күшіне айналады. Қазіргі кезде жанданған кейіпкерлер дауысты ажыратып, мәтіндермен сөйлей алатын деңгейге жетті және олар алдыңғы болған кездесулерді есінде сақтай алады. 2005 жылы IBM адам миын аппараттық және программалық құралдар арқылы қайта құрастыруға бағытталған Blue Brain Project жобасын бастады.
2020 жылға қарай роботтардың күші адамның күшінен асып түседі. 2025 жылға қарай роботтар саны дамыған елдердегі адамдар санынан көп болады, ал 2035 жылға таман жұмыстың барлығын роботтар істейтін болады
9. Медицина
Алдағы он жылда медициналық технологиялар әлдеқайда күрделене түседі. Нанороботтар мен түтікті жасушалардан орган өсіру ісі қалыпты жағдайға айналады. Адам миы мен машинаның интеграциясы жұлыны зақымданған адамның сауығып кетуіне көмектесетін болады. Қазір де мимен басқарылатын компьютерлік ойындар және мүгедектерге арналған арбалар бар. Intel-дің программалық жабдықтау жүйесі сіздің ойыңызды ұғып, әрекеттеріңізді алдын ала біліп отырады.
10. Киборгтар
Адамзат баласы өзінің ДНК құрылысын өзгертуге шамасы келетін кезге таяды. Медициналық технологиялар жаңа деңгейге көтерілген кезде адамдарда өзін өзі жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Әзірге, жаңа технологиялардың зақымданған ұлпаларды қалпына келтіріп немесе жарақатты емдеуге шамасы келеді. Бірақ түбінде адамдар өздерін жетілдіруге ден қоя бастайды.
Сыртқы тұрпатын жетілдіруге құнығатыны соншалықты адамдар киборгқа айналғанын өздері сезбей де қалуы мүмкін. Американдық футуролог Рэй Курцвейл бұл құбылысты технологиялық сингулярлық нүкте деп атайды. Бұл ұғым адам мен машинаның бірігіп, жаңа түрге айналуын білдіреді. Ол 2054 жылы пайда болады.
HYPERLINK "http://smartsourcing. ru/blogs/pol
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>