блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) "Сауат ашу", "Қазақ тілі": өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысандарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;
2) "Әдебиеттік оқу": суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;
3) "Музыка": суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
4) "Дүниетану", "Өзін - өзі тану": табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;
5) "Математика": кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т. б. ), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру;
6) "Еңбекке баулу": қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;
7) "Дене шынықтыру": жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Бөлім
атаулары
Жалпы сағат саны
Мемлекеттік стандарт
Көркемдік іс-әрекет түрлері. Бейнелеу өнері қандай болады?
9 сағат
"Музейге саяхат". Музейге ойша саяхат
Страницы: << < 55 | 56 | 57 | 58 | 59 > >>