Күнбағыс панносы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

у. Жұмбақтың шешуін тап!
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған. (күнбағыс)
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар , бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы "Күнбағыс" панносы. Сабақтың мақсаты қағаздан күнбағыс өсімдігін жасаймыз. Олай болса тақтаға назар аударайық. (дәптермен жұмыс, күн ретін сабақтың тақырыбын жаздырту)
Күнбағыс- бір жылдық өсімдік. Европалықтар тұңғыш рет Американы ашқан кезде Мексиканың жазықтарынан көрген екен. Олар бұдан 400 жыл бұрын әкелген. Оны "күн гүлі"деп атайды. Күнбағыстың биіктігі 2 метрдей, сабағы тік, үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғы көп сары гүлді себет. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Себеттің диаметрі10-60см дейін жетеді. Біздің еліміздің Солтүстік-Шығыс аудандарында өсіріледі. Көп күнбағыстың тұқымын мыжып одан сұйық май алады, одан біз бауырсақ пісіреміз. (слайдтар көрсетіледі)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Ал балалар енді біз "Күнбағыс" панносын қағаздан жасауды үйренеміз. Қағазбен, қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айту, оқушылардан сұрау.
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар,
Бетіме жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
а) сарамандық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті (слайдтар көрсетіледі)
1. Қатырма қағазға дөңгелек сызып аламыз.
2. Сары түсті қағаздан 14 жапырақша қиямыз.
3. Дөңгелекті айналдыра 7 жапырақшаны орналастырып, желімдейміз.
4. Екінші қатарға қалған 7 жапырақшаны орналастырып,желімдейміз.
5. Қара түсті қағаздан шаблонды пайдаланып дөңгелек қиып ал, жапсыр.
6. Сабағын, жапырағын жасыл түсті қағаздан дайында, жапсыр.
7. Бұйымды аяқтау.
Сергіту сәті. Жалғыз саусақ тіпті де, Үш саусағым орамды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: