Қызылорда облысы Байқоныр қаласы
275 орта білім беретін
коммуналдықмемлекеттік мекемесі
Узакбаева Рысты Узакбаевна І санатты
технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Күнбағыс панносы.
Сыныбы: 4 түзету (коррекциялық сынып)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға күнбағыс өсімдігі туралы мәлімет беру. Күнбағыс панносын жасауды үйрету.
дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін, қол икемін дамыту.
тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: репродуктивті,түсіндірмелі- көрнекілік,ой қозғау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар
Техникалық құрал-жабдық: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау. Мадақтау
Сабақтың барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) психологиялық дайындық
Қуан, шаттан
Қуан, шаттан
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп атсын таң бүгін!
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
1. Күз мезгілінің ерекшеліктері мен айларын атаңдар.
2. Жеміс-жидектердің түрлерін атаңдар.
3. Жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы қандай?
4. Қағаз бен қатырма қағаздың айырмашылығы қандай?
5. Қайшымен, желіммен жұмыс жасағанда ескеретін қауіпсіздік ережелері туралы не білеміз? Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, (слайдтар көрсетіледі).
1. Қызығушылығын оят
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>