"Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі"ММ
"Күн күлімдеп көктем келді!"
атты ертеңгілік
(шағын орталық тобы мен мектепалды даярлық сынып)
Өткізген: Жусупова К. Д
2017 оқу жылы
"Күн күлімдеп көктем келді"
атты ертеңгілік.
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; Баланың ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Міндеті: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, балалардың құттықтауы, жалпы қорытынды.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Меркелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық,татулық,еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл -Ана.
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар, - дей құттықтау сөз кезегін мектеп директор: Нажиканова Кулмай Ахметовнаға беріледі.
Жүргізуші:
1. Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген қуанышы көңілдің, Ана деген әрбір үйдің жылуы, Ана деген гүлі туған өмірдің, деп сөз кезегін тақпақтарға береміз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>