лды даярлық топ)
9. Ойын: "Кім көп сөз біледі?".
Ортаға 3 ана шығады. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөзлер айтуы керек. Мысалы,айым,күнім,жұлдызым,алтыным,күмісім,. . . ,. . . ,Көп сөз айтқан бала жеңіске жетеді.
10. Жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап би билейді ұлдарыңыз
Би: Қазақ биі (Шағын орталық тобының ұлдары )
11. Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда, Сендер үшін мереке шашулары.
Алдарыңызда Сейтқалиева Фатиманың орындауында "Әлди"
Ән: Айналайын мама, туған күніңмен! (Мектепалды даярлық топ)
Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!
Страницы: << < 1 | 2 | 3