«Қарлығаш» І сәбилер тобындағы оқу іс-әрекетіне
ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Модуль «Көктем»
Бөлімдері: Экология. Сенсорика.
Тақырыбы: «Көктемгі табиғат. Бақбақ гүлдері».
Мақсаты: Көктемгі табиғатты бақылатып,оның ерекшеліктерін түсіндіру. Сурет бойынша сөйлем құрап, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға баулу. Фланелеграфта түрлі түсті геометриялық пішіндерді- шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету; балалар назарын белгілі бір түстегі фигураны әртүрлі заттарды бейнелеу (бақбақ гүлді) үшін қолданылуы мүмкін екеніне аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қажетті құралдар: Көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар. Бақбақ гүлінің суреті, фланелеграф, жасыл жолақшалар, көрсетуге арналған сары дөңгелектер (бақбақ гүлдер), үлестірмелі қағаздар-өсімдіктер бейнеленген алаңқай, әрбір балага бақбақ гүлдерге арналған сары дөңгелектер(тәрелкелер).
Қостілдік компонент: бақбақ- одуванчик. .
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Жұмбақ шешкізу. «Көктем»
А. Байтұрсынов
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс, балалар, бұл көктем мезгілі екен.
Балалар жұмбақтың жауабын тәрбиешінің көмегімен бірге айтады.
-Көктемде.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
1. Әңгіме жүргізу.
- Көктем мезгілі 3 айдан тұрады. Олар: наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарып, алғашқы гүл-бәйшешек шығады. Көктемде табиғат жаңарады, Барлық тіршілік иелері оянады.
Балалар, көктемде үлкендердің көме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>