с ұясын бұзбайық.
Жұмыртқасын алмайық,
Обалына қалмайық.
Көп күнәға батпайық,
Балалар мұны ұғыңдар,
Уәдеден шығыңдар.
26. Біздің міндетіміз-қанатты достарды қорғау.
27. Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқасын жаруға,рақымсыздық жасауға, жазықсыз жәбірлеуге,өлтіруге жол бермейік.
28. Өткен жыл көктемде,
Бала едім тым кіші.
Кім біледі өкпелеп,
Кетті ме жыл құсы.
Құстарым келіңдер,
Қарсы алам өзім-ақ.
Жаңа үйге еніңдер,
Міне көл,міне бақ.
29. Ұя салдым құстың алдынан,
Болсыншы деп ол өмір панасы.
Өзімдей сәби балдырған,
Өссінші құстың баласы (Құстардың ұясын көтерген балалар шығады).
30. Құстар тойын құттықтап,
Қуанымыз қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз. (Құстарға жем шашу,ұяны ағашқа ілу).
2-жүргізуші:
Оянды бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қсы қамынан.
Көктемді шуға бөлеп,әнге ораған,
Таңдаймыз алуан сыр-жыл құсынан.
1-жүргізуші: Құрметті достар,көктем жаршысы,адамзаттың досы болған
құстарды аялайық,оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдыңа.
Еліміздің болашағы-білімді ұрпағында. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын!Ендеше,
Білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
Ақ көгершін шығады:
Бейбітшілік құсы менмін – көгершін
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық,шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні орындалады.
(Ақ көгершін ұшыру)
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар,оқушылар! Оқушылар дайындағын «Көктемді
қондырып қанатына . . . » атты сынып сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.
Страницы: << < 3 | 4 | 5