ыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды.
13. Қарғалар топтанып қарқылдаса,аяз болады,ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.
14. Құс жүнін үрпитсе жаңбыр жауады. Ауа-райы бұзылады.
15. Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.
5-тапсырма: Мақал-мәтел,тақпақтар.
16. Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас.
17. Сұңқар-құстың төресі,
Лашын-құстың жендеті,
Қаршыға-құстың ұрысы.
18. Бүркіттің тұяғы қасиетті,оны үйдің төріне,бесікке іліп қояды.
19. Құс қанатымен ұшып құйрығымен қонады.
20. Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туған ел үшін.
21. Балы бүркіт барлап ұшар,
Балапан бүркіт шарлап ұшар.
22. Қиядағыны қыран көреді,
Ұядағыны жылан көреді.
23. Көктем қырға гүл қадар,
Құстар әні шырқалар.
Құстар әні-сәнімен,
Жеткізеді ауылға
Қуанышты кіл хабар.
6-тапсырма: Көрініс. «Бұлбұл мен тоқылдақ».
1-жүргізуші: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп,ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.
2-жүргізуші: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе,
төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға,Отан үшін жанын қиятын ерлерін қыран-
ға,елден асқан сұлуын аққуға теңеген.
Көктем: Құс адамға қуаныш сыйлайды.
Құс адамды аспандап қалықтау сезіміне бөлейді. Құссыз адам көңілі шарықтамау
түгілі,жерден де көтерілмес еді. Адамның қиялдауы,бостандықты көзбе-көз көруі,сондай-ақ әдемілікті,сұлулықты түсінуі үшін құс-адамға пайдалы.
Ойлан тап! «Бұл қай құс?»
24. Ой,балалар,балалар,
Аман болсын аналар.
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Кім сүймейді баласын?
25. Балалық қып қызбайық,
Құ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>