Көктемді қондырып қанатына.
Мақсаты:
1. Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру.
2. Дүниетанымын кеңейту,ой-өрісін дамыту.
3. Табиғатты сүюге,құстарды аялауға тәрбиелеу.
Адамгершілік,экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: суреттер,атрибуттар,құс ұялары,нақыл сөздер безендірілген бөлме,кітаптар.
Сабақтың түрі: сынып сағаты.
Сабақтың формасы: топтық жұмыс.
Қолданылатын жаңа технологиялық әдіс: деңгейлік тапсырмалар,ой шақыру.
Сынып сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу,оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
3. Сынып сағатының мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
ІІ. Тақырыпты ашу:
1. Ой шақыру:
Шуақты күн,жер қарайды
Еңбек басталды Тіршілік басталды
Көктем
Күн ұзарды,түн қысқарды Құстар келді
Жасыл желек
1-жүргізуші:
Ал,балалар,халайық,
Бәрің бері қараңдар,
Тіршіліктің бастауы
Көктем келді далама
Құстармен бірге көктемді қарсы алайық. (Музыкамен,қошеметпен Көктем келеді)
2-жүргізуші:
Көктем келді,міне,жайнап,
Құс қанатына қонып алып.
Құс біткеннен төгіліп ән,
Көктемдейді,көктем әнін.
Көктем:
Сәлем,достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Құс көктемнің жаршысы,
Қуантамын бәріңді.
Құс мереке күнімен.
1-жүргізуші:
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп.
Көрікті көктем келді,алақай!
«Келді көктем далаға» әні орындалады.
Көктем: - Балалар,сендер топқа бөлініп отыр екенсіңдер. Ендеше,мен жұмбақ
жасырайын. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар,менің жанымдағы құстардың аттары,сол топтың аты болады. Жұмбақтың шешуі неде? Қандай құс?
1. Түсі қара мақпалдай, 2. Орманда жоғары
Төсі ақ сыр жаққ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>