"Көктем сәні" ертегісі
Авторы: Маршатов Диас, 3 сынып
Жетекшісі: Мынжанова Гульдарай Серикжановна
Ертеде Көктем болыпты. Ол орманда тұрыпты. Ол өте әдемі, көрікті екен. Бір күні жел оның құлағына сыбырлап:
- Саған жерді басатын уақыт келді,- депті. Көктем орманнан шығып, аяғымен қарды басқанда қар еріп, алғашқы бәйшешектер шығыпты. Көктем келісімен гулдер жайқала бастады. Күн жылып, құстар да ұшып келді. Ағаштар бүршік жарды. Жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянды. Көктем жалпы тіршілік иелерінің тірілуіне көмектесті. Көктемнің келбетін адамдар көрмеді. Оны бірінші болып құстар мен аңдар ғана көрді. Табиғат әлемінде оған жақсы болды. Ол өзімен бірге өмір мен қуаныш алып келді.
Страницы: 1