де не бар?
-Көктемде жаңбыр жауама?
Балаларға сұрақтар қоя отырып, дұрыс жауаптар таңдауға, өз ойларын айтуға бағыт береді.
-
Суретті тамашалайды. Көктем туралы білетіндерін айтады.
Екінші суретті тамашалайды. Суреттің қатесін түзейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Іздену - ұйымдастырушылық
Міне, енді бұл суреттен көктемнің келгенін байқауға болады. Солтүстікке қайтадан беріп жіберейік. Ақ аю нағыз көктемнің қандай болатынын көрсін.
Көзге арналған жаттығу
Күн таңертен тұрды ерте,
Санап бұлтты неше мәрте.
Жоғары қарады,
Төмен қарады,
Оңға және солға,
Көзін ашып қарады.
Дереу көзін жұмып алды,
Оянғысы келмей қалды.
"Күн сәулесі" дидактикалық ойыны
Балалардың мойнына күннің көзі салынған медальдар тағады.
-Міне, сендер енді кішкентай күннің шуағысыңдар. Ал енді күннің жұмысына кірісейік. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, мүмкін бір жерлерде ерімей қалған қар бар ма екен? Оны тауып еріту керек. Барлығымыз іздейік!
Табақшаға салынған қарды тауып алады.
-Ой, қар үйіндісі қалып қойыпты ғой. Ерітеміз, ерітеміз.
Сиқырлаған сияқты алақанымен қарды жабады. Тәрбиеші алдын ала табақың астына жылы су құйылған ыдыс қойып қояды.
-Қар қандай күйге айналып барады? Күннің көзі қарды ертті.
"Ағашты жандандыр" д /ойыны
Бүр жарған ағаштың суретін көрсетеді.
-Мына ағаштың бұтағында бүршіктер пайда болыпты. Оның біраз бүрлері оянған екен. Қалғанын ашуға көмектесейік.
Алдын ала дайындалған кішкене жапырақтарды көрсетеді. Жапсырма ленталарды пайдаланып немесе панноны қолданып бұтақтарға жапсыртады.
-Күннің шұғылалары ағаштарды да оятты.
Ақ аюға жіберу үшін суретті
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>