2 "Еркетай" ортаңғы тобының ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 09. 03. 2015 ж.
Білім беру саласы: "Таным"
Бағдарлама тарауы: Экология негіздері
Тақырыбы: Көктем келбеті
Мақсаты: көктемге табиғат өзгерістерімен таныстыру; балаларды көктемге табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету; табиғатты аялауға тәрбиелеу; табиғаттқа деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру.
Құрал жабдықтар: кірпі ойыншығы; өзен үстіндегі мұз, мұз сүңгісі, аппақ қоян.
Билингвалды компонент: көктем - весна - spring, өзен - река - river , қар - снег - snow, мұз - лед - ice, сүңгі - сосулька - icicle.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Топ бөлмесінен кірпінің баласын тауып алады. Балаларға ол туралы сұрақ қояды. Жауаптарын толықтырады:
-Кірпілер аюлар сияқты қыста ұйықтайды. Даладағы қар әбден кетіп, жасыл шөп шыққанда оянады. Бұл кірпінің баласын көктемге дейін осы жерде ұстайық.
Кірпінің баласын қызықтайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Іздену - ұйымдастырушылық
Суретпен жұмыс
Көктем мезгілі бейнеленген суретке назарларын аударады. Ауа райы, көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіреді.
"Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?" дидактикалық ойыны
Көктем бейнеленген екінші суретке назар аудартады (үйілген қардың, мұздың, аққаланын алмалы-салмалы кескіндері бар).
-Мына суретті сендерге солтүстіктен ақ аю жіберіпті. Ол көктемді өзінше бейнелепті. Суреттін қатесін түзетейік.
- Сурет бойынша сұрақ қояды:
-Көктемде балалар аққала жасап ойнайдыма?
-Ағаштарда не пайда болады?
-Өзеннің үстін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>