.
Тәрбиеші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты - дегендей Байқаудың ІV кезеңі "Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді" деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аналарымыз сынға түседі
1. "Қыздың жиған жүгіндей"
2. "Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі"
3. "Қызды қымтап ұстаған ұялмайды"
4. " Шеше көрген тон пішер"
5. "Қыздың жасауын жеті жастан жинасаң жетеді,
Алты жастан жинасаң асады"
6. "Қыз-қонақ"
7. "Шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без"
Ән: "Әжетайым әжешім"
Тәрбиеші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
V кезең "Өнер" Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады.
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
VІ кезең "Сұлулық сыры"
(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады - деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз
VІІ-кезең "Тату отбасының тамағы тәтті"
(Әр қыз өзінің анасымен бір ас мәзірі салат түрін дайында)
Тәрбиеші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>