ілетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі "Мен қазақтың қызымын".
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз:
Байқаудың ІІ кезеңі "Зерделінің ойы озық"
(Лездік сұрақтарға жауап беру,тақпақ айту)
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз:
Тәрбиеші: Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІІ кезеңі "Қыз еркем - кестесімен көркем"
(Әр қыз өзінің анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
Ән: "Менің аннам алтын" (Ержан,Мансур,Ақниет,Нәдір)
Жадыра:
Менің анам "айым" дейді,
Менің мұнайсам уайымдайды.
Менің анам "күнім" дейді,
Менің қуансам күлімдейді.
Нұрай:
Ана деген асыл жандар ардақты,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.
Арайлым:
Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кез менің ән-күйім, сая, бағым.
Даяна:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.
Дильназ:
Анашым сенсің менің тірегім,
Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.
Мадина:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелейді жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>