Көктем аруы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


"Көктем аруы"

Мақсаты:
1. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан - жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін. - дегім келеді. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақстаында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған "Көктем аруы" байқауына қош келдіңіздер!.
Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген жұрт алдына,
Бишілер ғажап еді биің қандай. Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесіне биші қыздарымыз: (Нұрай, Даяна, Дильназ, Мадина) "Көктем арулары" биін тарту етеді.
Би: "Көктем арулары"
Тәрбиеші:
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі-деп бүгінгі мерекеге арнап: (Нұрдәулет, Ернар, Серікбол,Даниал) "Мерекесі мамамның" ән шапшуын барлық аналардың құрметіне тарту етеді.
Ән: "Мерекесі мамамның"
Тәрбиеші:
Мың бұралғ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: