:«Өзін-өзі таныстыру»
ІІ кезең:«Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең:«Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2014.
IV кезең:«Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, ән т. б. ) Өз шеберліктерін көрсету.
V кезең:«Тапқыр, білгір, білімділер» (жұмбақ шешуін табу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең:«Қонақ күту» ( анасымен, тәтесімен)
N: Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
2 кезең:Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық. .
3-кезең:Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын
4-кезең: Өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
5 кезең–сұрақтар (дорбадан алып жауап береді анасымен бірге)
6-кезең:Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, соңғы сайысымыз-ас мәзірін дайындау.
Сонымен сөзді әділ-қазылар алқасына беріледі.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>