сқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Жұпар болар сайыста
ІІ. Әділқазылар алқасын таныстыру.
ІІІ. Сайыс бағдарламасы.
Құрметті көрермендер енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
1. Мен қазақтың қызымын (өздерін таныстыру )
2. Өнеріңнен айналайын (Өнер сайысы )
3. Кім тапқыр мақал - мәтел, жұмбақ
4. Ойын (музыкамен жіп жинау).
5. Сұлулық сыры ( сән үлгісі )
1. Өнер қуып бүлдіршін өтер деймін,
Бір баста, өнер жетер жеймін
Сайысқа түскен 10 ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
(Бір бірлеп шығып өздерін таныстырады. )
2. Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайысымызда жүлде алуға
Тамаша өнер көрсет, жан салып бір - деп, бүлдіршін арулардың өнерін тамашалайық.
3. Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Мақал - мәтел, жұмбақтың
Шешуін тапсаңдар жарайсыңдар!
Мақал - мәтел.
1. Бір тал кессең
(Он тал ек. )
2. Атаңнан мал қалғанша
(Тал қалсын!)
3. Әке көрген оқ жонар
(Шеше көрген тон пішер)
4. Ананың сүті - бал
(Баланың тілі - бал)
5. Еңбек етсең ерінбей
(Тояды қарның тіленбей)
6. Анаңа рақым етпесең
(Балаңнан рақым күтпе)
7. Қыз әкесіне жұлдыз
(Шешесіне күн)
8. Анаға бала
(Алтыннан да қымбат)
9. Досы көпті жау алмайды
(Ақылы көпті дау алмайды)
10. Отансыз адам
(Ормансыз бұлбұл)
11. Өнер алды
(Қызыл тіл)
12. Еңбектің наны тәтті
(Жалқаудың жаны тәтті)
1. Шіркіннің өзіне обал - ақ
Жүреді аяқта домалап. (доп)
2. Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
3. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор)
4. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
5. Қанша жұтсам семір
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>