Химия
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкірттің қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күкіртсутек, оның
физикалық және химиялық қасиеттері,
күкіртсутекті алу туралы білімдерін
жүйелеу.
Күкірттің оттекті қосылыстарына
сипаттама бере отырып, олардан
түзілетін қышқылдарының атаулары
мен қасиеттерін салыстыру.
Оқушылардың танымдық ой-өрістерін,
сабаққа деген қызығушылықтарын
жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып
дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Көрнекіліктер: Периодтық жүйе, электрондық оқулық,
слайдтар, қосымша материалдар.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. Химия 9-сынып. Алматы «Мектеп» 2009.
2) И. Н. Нұғыманов, Р. Н. Жұмаділова, Ж. З. Кембебаева. Химия 9-сынып. Алматы «Мектеп» 2005.
3) Н. Н. Нұрахметов, К. М. Жексембина, К. Ә. Сарманова. Химия 9. Әдістемелік нұсқау. Алматы «Мектеп» 2009.
4)Мырзабаев А. Элементтер химия негізі. Алматы «Рауан» 1990.
5) Химия мектепте журналы. 5/2008.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім көп біледі?» үй тапсырмасын сұрау, сұрақ – жауап (слайд)
Күкірттің химиялық таңбасы (S, оқылуы Эс)
Реттік нөмірі (16)
Салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? (32)
Периодтық жүйедегі орны? (3 период, VI топ, негізгі топша)
Күкірт атомындағы электрондардың орналасуы
(16S ) ) ) )
2e 8e 6e
Күкірт атомының электрондық формуласы, графиктік формуласы?
(1s2 2s2 2p6 3s2 3p4, 1s 2s 2p 3s 3p 3d )
Күкірттің тотығу дәрежелері? (-2,0,4,6)
Күкірт табиғатта қандай түрінде кездеседі? (Табиғатта бос күйінде және қосылыс түрінде де кездеседі)
Күкірттің қандай аллотропия
Страницы: 1 | 2 > >>