денесіне тисе күйдіруі мүмкін. Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді. Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды. Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді. Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі. Киттер өте сүңгуір бір жануар болып табылады. Киттердің сезу және есту мүшелері өте жақсы жетілген. Су астында әр түрлі дыбыстар шығарады және сол дыбыстардың жаңғырығын тыңдап бағыттар таба алады.
4. Ойын "Теңіз тербеледі" Теңіз тербеледі-бір! Теңіз тербеледі-екі! Теңіз тербеледі-үш! Теңіз мүсіні орныңда қат! Күннің екінші жартысы: 5. "Мысық пен кит" мультфильмін көру. 6. Киттің суретін бояу
Қорытындылау:
-Бүгін қандай теңіз мекендеушілерімен таныстыңдар?
-Сендерге бәріненде не естеріңде қалды?
-Теңіз мекендеушілеріңмен әлі де танысқыларың келе ме?
-Ненің суретін боядыңдар?
Страницы: << < 1 | 2