19 ақпан - Бүкіләлемдік киттер күні
Мақсаты: балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Білімділік: су асты мекендеушілерін дұрыс атауға үйрету. Дамытушылық: сөздік қорын толықтыру; айналасымен өзара қатынас орнату, мінез - құлық мәдениетімен дағдыларын меңгерту. Тәрбиелік: теңіз мекендеушілеріне деген қызығушылық пен қамқорлыққа тәрбиелеу. Құрал-жабдық: слайд, киттің бояғышы,қарындаш, мультфильм жазылған диск. Жоспар:
1. Шаттық шеңбері
2. Әңгімелесу "Бүкіләлемдік киттер күні"
3. Презентация көру
4. Ойын "Теңіз тербеледі"
5. Мультфильм көру
6. Китті бояу
Күннің бірінші жартысы:
1. Шаттық шеңбері:
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Көңілді боп жүрейік.
2. Әңгімелесу "Бүкіләлемдік киттер күні"
Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды. -Балалар, бұл не? -Кит. Дұрыс бұл кит. Бүгін китті қорғау күні. Бүгін теқ қана кит қана емес , теңізді мекендеушілерді қорғау күні. Ол оларды өлтіруге болмайтынын және оларды қорғау керек екендінін білдіреді. Теңізде кит, дельфин, атбасты балық, сегізаяқ, теңіз жұлдызы, медуза өмір сүреді. Балаларға теңіз дыбысын тыңдату.
- Балалар ненің дыбысы?
- Теңіздің.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Бүгін біз теңізге саяхатқа шығамыз
- Бәріміз көзімізді жұмайық.
(Балалар көздерін жұмады)
1 - 2 - 3 қатамыз,
Теңіз әлемін аралап.
Ғажайыпқа батамыз.
Енді көзімізді ашамыз.
3. Презентация көру
Теледидар экранынан мұхит тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіреді. Медуза - ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам
Страницы: 1 | 2 > >>