"9 орта мектеп" КММ
КГУ "Средняя школа 9"
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана
Өткізген:Амирина Л. Б.
қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі
8 "А" сынып
Петропавл қаласы 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана. 8-сынып
Сабақтың мақсаты: Кітапхана туралы өз ойларын шығармашылықпен жеткізу. Сөйлемдерде зат есімдерді дұрыс қолдана білу.
Сабақтың міндеттері:
Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау,сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі
Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімдерін тексеру
Сабақта алған білімдерін жан-жақты талдау.
Сабақта алған білімдерін жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
1. Зат есімдерді сөйлемде дұрыс қолдана алады.
2. Кітапхана бойынша өз ойын еркін жеткізе алады.
3. Өзінің іс-әрекетіне анализ жасай алу.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,плакаттар,оқулықтар,түрлі маркерлер,стикерлер.
Қолданылатын әдістер:Блум таксономиясы,сын тұрғысынан ойлау,талантты және дарынды балаларды оқыту ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқудағы басқару және көшбасшылық,АКТ пайдалану,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық ахуал. Ортаға шығып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Шеңберге тұрып, топқа бөлу. 3 мин
Блум таксономиясы бойынша
1. Білім:. 2 мин
-Балалар,біз білімді қайдан аламыз? (кітаптан)
-Кітапты қайдан алып оқимыз? (кітапханадан)
Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз КІТАПХАНА.
Сөздікпен жұмыс
Сатылымда
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>