Кітап - рухани сарқылмас қазына.
Мақсаты:
Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы
берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғымы
мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:
Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар
ақын-жазушыларының суреттері.
Барысы.
І-бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Кітап та алма ағашы,
Жемісін берер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітаптың әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз "Батыр бірді жығады , білімді мыңдыжығады" деп бекер айтпаса керек.
1 - оқушы:
Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын ақылшымыз.
Мұғалім: Балалар ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып шығарады.
Мұғалім: Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып балалардың өнерін тамашалап қайт.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>