Кітап-рухани сарқылмас қазына

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

бастаушы,
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.
Қазақстанның азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.
1 - оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақыны өсірген,
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
2 - оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист болып жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
3 - оқушы: Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағады.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
4 - оқушы: Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
5 - оқушы: Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың құралың,
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
6 - оқушы: Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Кітапты біздің қоғамымызда әрбір адам күндел

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: