Өткізген: Көкшетау қаласындағы
1 ОАТМИ қазақ тілі мұғалімі
Ермағанбетова Әсемгүл Амантайқызы
Сабақтың тақырыбы: Кітап-білім бұлағы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кітап - білім бұлағы,-дей келе, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Олардың назарларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін байқауға жаттығулар жасату. Топпен, жеке, өз беттерлерінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Лексикалық тақырып: Адамдардың еңбегі.
Көрнекі құралдар: Кітаптардың суреттері, кітаптардың көрмесі, интербелсенді тақта, карточка, слайдтар, "Шифровка", "Мұқият тыңда", "Шатасқан сызбалар" жаттығулары, "Таза тақта", "Мюнстерберг" әдістері, доп, мәтін, смайлик.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
Бір-бірімізге қарайық,
Қолымызды ұстасайық.
Осы жақсы көңілмен,
Сабақты бастайық.
III. Демалуға жаттығу жасату "Әнші".
IV. Сұрақтар қою
1. Сыныпта кім кезекші?
2. Сыныпта кім жоқ?
3. Қазір қандай ай?
4. Қазанның нешесі?
5. Аптаның қай күні?
I. Пропедевтикалық практика.
Балалар, біз өзімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық. Бүгін біз сендермен сабағымыздың тақырыбын білу үшін, әріптер тізбегінің ішінен сабақтың тақырыбын оқып шығайық.
ЖКЛІМТФАНП - БЭІДЛҒІӨМЗБАҰӘЛВАҢҒЖЫ
"Кітап - білім бұлағы"
II. Ориентация.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>