Кіріспе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сыныбы 10 Күні
Тақырыбы: Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Д. ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д. ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Д. ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т. б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы-қазіргі заманғы география. ҒТР дәуірінде география ғылымы да үлкен өзгерістерге ұшырады. Қоғам мен табиғат арасындағы ғаламдық үйлеспеушіліктен туындаған жаңа бағыт экономикалық және әлеуметтік географияның экологиялық тұрғыдан қалыптасуына алып келді. Сондықтан экономикалық және әлеуметтік география жер бедері мен жалпы табиғат кешендерінің заңдылықтары арқылы табиғат өзгерістерін зерттеуді шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуына байланысты жүргізеді. Бұл аталғандар қоғам мен адамдардың мұқтаждығына байланысты шаруашылықтың бағытын анықтауға, болжауға, сол сияқты материалдық және рухани қажеттілігін зерттеуге септігін тигізеді. Қазіргі дәуірде елдер арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың ұлғаюына қарай география бойынша жүргізілеті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: