Кімнің мекені жақсы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов "Кімнің мекені жақсы?"
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. Сәкен Жүнісовпен таныстыру. Әңгіменің мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік. Отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ашық сабақты хабарлау.
Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлу. Үш түс арқылы үш топқа бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. М. Мақатаевтың "Отан туралы" өлеңін сұрау.
2. Үй тапсырмасын бекіту:
1) М. Мақатаев туралы әңгімеле.
Алматы қаласы, Райымбек ауданында, Қаракөз ауылында 1931 жылы
9 ақпанда дүниеге келген.
2)Оның қандай өлеңдерін білеміз? Үш бақытым, Отан туралы
3) Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ.
Жұмбақ шеш.
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
Қос мекенді жануар (Құрбақа)
Жыл басы қай жануар (Тышқан)
Дұрыс айтасыңдар, құмырсқа, құрбақа, тышқан туралы не білесіңдер?





Құмырсқаның жер бетінде 6000 түрі болады екен. Тынымсыз осы бір жәндіктің де неше түрлі ауруға таптырмас ем екенін көбіміз бі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: