uot;тобы
Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім "Жарысайық бәріміз". Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.
1 - ойын "Допты шапшаң бер"
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.
2 - ойын "Допты домалатып тез лақтыр"
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.
3 - ойын "Кім шапшаң"
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 1 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып 2 - ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.
4 - ойын "Картобыңды егіп кел де, жинап ал"
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.
ІІ бөлім "Кім ұқыпты, кім шапшаң". Бұл бөлімде т
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>