Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
"Большой Изюм орта мектебі" ММК
Быченко Екатерина Григорьевна
9 сынып оқушысы
Мұғалім Мулдашева Гульнара Бапановна
Эссе
"Кім болу ма,әлде қандай маман болу ма?"
Бар ізгілік білімменен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Ж. Баласагұн
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең" дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деген сұрақтың толғандыратыны рас. Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі. Бірі мұғалім болса, екіншісі - дәрігер, кейбірі биші, әнші мамандықтарын таңдап жатады. Менің ойымша, мамандықтың жаманы болмайды, тек адам баласы өзіне ұнайтын, өзі жан - тәнімен қалайтын мамандықты таңдау керек сияқты. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Адам өзі таңдап алған мамандығын жақсы көріп, шын пейілмен атқарса ғана, сол еңбегінің жемісін көреді.
Мен кішкентай кезімнен болашақта тек дәрігер боламын деп армандап келемін. Өйткені, дәрігер болу - менің арманым. Отбасымда анам -- дәрігер. Менің апам болашақта дәрігер болады. Анамның мен апамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл -- өзімнің жүрек қалауым. Болашақта дә
Страницы: 1 | 2 > >>