Алматы қаласы, Жетісу ауданы, МКҚК 162 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Маткалыкова Меруерт Жабайдильдиновна
Білім беру саласы: "Денсаулық"
Оқу қызметі: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: "Көңілді эстафета"
Сабақтың мақсаты:
1. Эстафеталық ойынға деген балалардың қызығушылығын арттыру, жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
2. Ептілік, күш, жылдамдық қабілеттерін одан әрі дамыту.
3. Эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып, балаларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтына, ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер және спорт құралдары.
Балаларды қатарға тұрғызу.
Сәлемдесу. Түгендеу.
Залға айнала саппен жүру, жүгіру.
А) қолды мықынға қойып аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртымен, ішімен жүру.
Б) 2 қолмен тізені ұстап, жартылай отыра жүру.
Шеңбер жасау
Балалар, өздерің байқап тұрғандай бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан өзгеше болмақ. Неге дейсіңдер ғой, балалар? Бүгін біз екі топ болып, бір-бірімізбен жарысамыз. "Тұлпар" және "Қыран" болып. Біз ойынымызды бастамас бұрын денені қыздыру үшін жаттығу жасайық; қолымызды белге ұстап басты оңға төрт рет, солға төрт рет, қолымызды иыққа қойып алдыға төрт рет, артқа төрт рет айналдырамыз, екі қолымызды белге қойып оңға төрт рет, солға төрт рет айналдырамыз, екі қолмен тізені ұстап оңға төрт рет, солға төрт рет айналдырамыз сосын оң аяқ пен сол аяқтың ұшын айналдыру арқылы жаттығуды аяқтаймыз.
Балаларды сапқа тұрғызу.
Балаларды бір мен екіге санатып, екі топқа бөлу, топтарды екі бағаналы қатарға тұрғызу. Екі топтың бір-бірімен сәлемдесуі. "Денсаулық" туралы өлең шумақтары.
Балаларды бүгі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>