нгі жарысымыздың мазмұнымен таныстырып өту. Қазылар алқасымен таныстыру. Жарыс 5 эстафеталық ойыннан тұратындығын айту.
1. Доппен секіру
Бұл жерде бірінші сайыскер допқа отырып секіріп жүреді. Межені айналып келіп, келесі сайыскерге береді. Ол да дәл осылай сайысты жалғастырады.
2. Қоян болып сәбіз жинау
Сайыскер қоян болып секіріп жерде жатқан сәбіздерді жинап межені айналып келіп, келесі ойыншымен ауысады. Ойын тәртібі осылай жалғаса береді.
3. Боулинг
Балалар тізіліп тұрған кегльдерді доппен тура дәлдеу арқылы ойынды жалғастырады.
4. Қоларба ойын
Әр топтың алдындағы екі сайыскер баланың бірі еңкейіп, екіншісі оның аяғын ұстау арқылы межеге дейін жетіп, ауысып кері қайтады. Ойын осылай жалғасын табады.
5. Кедергілерден өту
Бұл сайыста балалар жолға қойылған кедергілерден өтеді.
6. Есеп Балалар, бағанадан бері дене қимылдарын жасадық, енді ой іс-әрекеттеріне көшейік. 2 топқа есеп беріледі. Қай топ тез және дұрыс шығарады, бағаланады.
Сергіту сәті
Шапалақтап қол соғайық 1,2,3,4.
Аяқты біз тап басайық 1,2,3,4.
Басымызды иеміз 1,2,3,4.
Бұрыламыз оңға, бұрыламыз солға
Қолымызды көтереміз,
Қолымызды түсіреміз,
Көтереміз,түсіреміз Орында біз жүгіреміз. (Музыка ырғағымен орындайды)
Жұмбақ сайысы
Кәне, қай топтың балалары денсаулыққа қатысты көп жұмбақтар біледі екен? Соны көрелік? (балалардың жұмбақтары тыңдалады)
Олай болса біз бүгінгі "Көңілді эстафета" атты жарысымызды аяқтаймыз.
Жадырасын бойымыз,
Өркендесін ойымыз.
Би билейік келіңдер,
Көңілді сайыс тойымыз,-дей отырып,біздің өнерлі балаларымыздың спорттық биін тарту етеміз.
"Қазылар орнықтырар әділдікті,
Бұл сайыста болды екен кімдер мықты?" - дегендей, ендігі сөзді әді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>