Кестелер. Кестелер құру

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

С

Тапсырма 2. Диктант
1. Ақпараттың түрлері . . . (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейнелік)
2. Мәтіндік ақпаратты өңдеу. . .
3. Графикалық ақпаратты. . .
4. Дыбыстық ақпаратты. . .
5. Бейнелік ақпаратты. . .

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал, енді оқушылар, жаңа сабағымызға көшейік. Бүгінгі тақырыбымыз: "Кестелер. Кестелер құру" (дәптерімізге жазамыз. )
Сіздерге қояр сұрағым бар, кесте дегеніміз не? Қалай түсінеміз? Не үшін қажет?
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты бойынша біз кесте жасап, ұяшықтарды қосып, алып тастауды және біріктіруді үйренеміз.
Жаңа кесте құру үшін мына командаларды орындау керек:

Кіріктіру (Вставить) Кесте (Таблица) Кестені кірістіру (Вставка таблицы)

Кесте - бағандар мен жолдардан құралатын ұяшықтар.
Ұяшық - бағандар мен жолдардың қиылысуы.
Мысалға, 4 жол, 2 баған десек, ол былай болады:








Мында неше ұяшық бар?

Оқушылар, тышқанды үш тілде айтайықшы, кім біледі?
Тышқан - мышка - mouse.
Бағандар - столбцы
Жолдар - строки
Баған және жол қосу:
Сызылған кестемізге тағы екі баған қосу керек болса, тышқанды кестенің соңғы кез келген бағанына апарып, оң жақ батырмасын басып мына команданы орындаймыз:
Кіріктіру (Вставить) оң жағынан баған қосу (вставить столбцы с право)
Баған және жолды өшіру:
Берілген кестенің жолын, не бағанын өшіру керек болса, ең алдымен белгілеп аламыз, кейін Удалить ячейки / удалить столбцы командасын орындаймыз.

Бағандар мен жолдарды біріктіру және бөлу.
Бір қатардағы және жақын орналасқан ұяшықтарды біріктіру үшін
Берілген ұяшықтарды белгілеп аламыз;
Тышқанның оң жақ батырмасын басып, Объединить ячейки командасын орындаймыз.

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: